jasqazaq.kz

Көкшетаулық балконнан құстарды атқан

14 қыркүйек 2020, 14:31

Ақмола полицейлері балконнан құстарды атқан ер адамды жауапқа тартты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қыркүйекте Көкшетау ПБ полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның үйінде балконнан қарумен бірнеше рет оқ атқаны түскен видеоны көрген.

Ақпаратты тексеру барысында анасымен бірге тұратын 40 жастағы Көкшетау тұрғыны анықталып, ұсталды. Мылтық ер адамның 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен қалған екен.

«13 қыркүйекте сағат 12-де үйде отырған ер адам балконға шығып, үйдің артында балконның астында орналасқан қоқыс жәшігінің үстінде ұшып жүрген шағалаларды атқан, себебі олардың дауысы демалуға кедергі келтірген», — деді полиция өкілдері.

Полицейлер ер адамның іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігінде көзделген «Елді мекендерде атыс, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Тәртіп бұзушы жауапқа тартылып, қаруы тәркіленді, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полицейлер КСРО өндірген 4,5 миллиметр калибрлі «ИЖ-38» маркалы пневматикалық мылтығын және 48 дана қорғасын оқты тәркіледі.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде