jasqazaq.kz

Көкшетаудың №2 мектебін белгісіз дерт жайлады

09 қараша 2019, 15:11

 

Мектепті белгісіз дерт жайлады. Көкшетауда бір күнде 80 бала ауырып мұрттай ұшты. Қала орталығындағы №2 мектепте бүгін 260 оқушы сабаққа келмей қалды. Кешеден бері аяғынан тік тұрған дәрігерлер үй-үйді аралап, мектептегі балаларды да бастан-аяқ тексеруге кіріскен. Олардың барлығы жүрегі айнып әлсірепті.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Кеше болған сырқат белгілері оқушыларда бүгін де байқалған. Ұстаздар ата-аналарын шақырып дәрігердің қарауына жіберіп жатыр. Бұл – қала орталығындағы 2200-ге жуық оқушысы бар ең үлкен мектеп. Бір сәтте 80 оқушы ауырып қалғанда мектеп басшылығы дабыл қаға бастаған. Санитар мамандар мектеп асханасынан қажетті сынамалар алыпты.

Гүлнар Әбдіқасымова, мектеп директоры:

— Бүгін 260 оқушы мектепке келмей қалды. Көбін атааналары қауіптеніп жібермей қалған. Солай деп мектепке хабарласты. Бұл жағдайдың неден болғанын айта алмаймыз. Асханада улануы мүмкін емес. Барлық балалар тамақ ішіп жүр ғой. Қажетті тексеру жұмысын ұйымдастырып жатырмыз.

Оқушылармен бірге екі мұғалім де науқастанып қалған. Іші ауырып, құсып, басы айналып мектепке келе алмағандарды дәрігерлер қарап жатыр. Сабақ үстінде де балалардың денсаулығын тексеруде.

Мәдина Сағымбаева, терапевт:

— Кеше мектепте 300, бүгін 150 баланы қарап үлгердік. Ауру белгілері байқалмады. Жағдайлары жақсы. Сырқаттанып қалған балалар анализ тапсырып жатыр. Оқушыларды түгел қарап шығамыз, әзірге нақты диагнозын айта алмаймыз.

Білім ошағын дүрліктірген дерттің себеп салдарын санитар мамандар анықтап жатыр. Асханадағы тағамнан сынамалар алып, балалар анализ тапсыруға жіберілген. Сондықтан дәл қазір диагнозды дөп басып айту қиын дейді мамандар. Вирустық инфекция ма, әлде улану ма, ол енді сараптама қорытындысынан кейін белгілі болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда