jasqazaq.kz

Көкшетауда жоғалған 16 жасар студент қыз елордадан табылды

16 қараша 2019, 16:48

Ақмолалық полицейлер 16 жастағы колледж студентін астанадағы ойын-сауық орындарының бірінен тапты. Қазіргі таңда Расула Жанашева туыстарының жанында.Бұл туралы  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кәмелет жасына толмаған қыздың жоғалғаны туралы мәлімдемеден соң тәртіп сақшылары бірден кешенді іздеу шараларына кіріскен. Қала арасында қатынап, жолаушы тасымалдайтын көлік құралдары, көңіл көтеретін орындар мен басқа да халық көп жүретін жерлер тексерілді. Қыздың суреті мен сырт белгілері көрсетілген қағаздар Ақмола облысы бойынша барлық аумақтық бөлімдерге, сонымен қатар көршілес облыстарға, Нұр-Сұлтан қаласына жолданды. Бірнеше күн ішінде полицейлер іздеу жұмысын бір сәтке де үзген жоқ. Криминалдық және ювеналдық полиция қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды.

«16 жасар Расула Жанашева кеше кешкісін астаналық бір дәмханадан табылды. Онда қыз мас күйде отырды және үйіне қайтуға қарсылық білдірді. Қазіргі таңда кәмелет жасына толмаған қыз әкесінің жанында», — деп мәлім етті полициядан.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, балалардың жоғалуы әрқашан қоғамдық резонанс туғызады. Полицейлер жоғалған балаларды табу үшін орасан көп жұмыс атқарып, тер төгеді. Оған үлкен адами және техникалық ресурс жұмсалады.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Ақмола облысында із-түзсіз кеткен 16 жастағы колледж студентіне іздеу жарияланған еді. Жоғалған қыз соңғы рет анасымен 12 қараша сағат 16:00-де сөйлескен. Одан кейін оның телефоны өшірілген.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда