Көкшетауда жүк пойызының вагоны рельстен шығып кетті. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Әкімдіктің мәліметінше, теміржол апаты бүгін 19 сәуір таңертең сағат 11:00-де болған. «Жүк пойызының құрамын орнынын ауыстыру кезінде теміржолдың қиғаш тұсында бір вагон рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мәнжайы анықталу үстінде», — деп түсіндірді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.