jasqazaq.kz

Көкшетауда такси жүргізушісін өлтіріп кетті

24 қантар 2020, 10:46

Ақмола облысында такси жүргізушісін өлтіру оқиғасы тіргеліп жатыр.Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, 22 қаңтарда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жедел жәрдем стансасының фельдшері хабарласып, Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына 45 жастағы ер адамның іші мен мойын тұсынан пышақ жарақатымен түскенін айтты.

Белгілі болғандай, зардап шегуші жеке жолаушы тасымалымен айналысқан.

«Жедел-іздестіру шарасы кезінде жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камерасының көмегімен күдікті ұсталды. Ол Көкшетау қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Алайда, зардап шегуші алған дене жарақатынан 23 қаңтарда көз жұмды. Оқиға байланысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіден заттай айғақтар алынып, уақытша қамалды», — деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде