jasqazaq.kz

Көкшетауда Ресей азаматы қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп, мерт болды

19 қазан 2021, 14:00

Көкшетауда ер адам қонақ үйдің жоғары қабатынан секіріп көз жұмды.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 18-ші қазанында Көкшетау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жедел жәрдем көлігінде 35 жастағы ер адамның қайтыс болғаны туралы хабар түсті.

«Тексеру барысында полиция қызметкерлері қазанның 18-де сағат 18:40-та облыс орталығындағы қонақ үй кешендерінің бірінде нөмір жалдаған ер адамның мейрамханаға барғаннан кейін өз бөлмесіне көтеріліп, терезеден кешеннің ауласына секіргенін анықтады. Салдарынан ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Ер адам Ресейдің Омбы қаласының тұрғыны болып шықты», — деп түсіндірді ведомстводан.

Көкшетау қалалық полиция басқармасының тергеу бөлімі қонақ үй тұрғынының өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 105-ші бабының 1-бөлігі «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҚазАқпарат

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр