jasqazaq.kz

Көкшетауда мұғалім жоғалып кетті

12 мамыр 2021, 18:01

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен мұғалім іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне СҚО ауылдарының бірінің 53 жастағы тұрғыны хабарласып, 1989 жылы туған ұлы Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың хабарсыз кеткеннін айтқан.

Өтініш иесінің айтуынша, ұлы 7мамырда сағат 08:00 Көкшетау қаласындағы үйінен шығып содан хабарсыз кеткен. Белгілі болғандай, жоғалған адам дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Жоғалған адамның белгілер: бойы 175-180 см, дене бітімі жұқалау келген, шашы қара, қысқа қиылған, құлақтары орташа, көздері қысыңқы, қоңыр түсті. Үстіне сұр джинсы, қара көк куртка, аяқтарында қоңыр түсті аяқ киім киген. Ерекше белгілер: астыңғы ернінің төменгі жағында меңі бар. «Ер адамның тұрған жерін анықтау мақсатында тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның барысында барлық таныс және жақын адамдардан жауап алынды. Барлық камералар қаралды, бірақ ер адамның орналасқан жерін табу мүмкін болмады», — деді ведомстводан. Осы ретте, полиция қызметкерлері Бақтияр Талғатұлы Теміржановтың тұрған жерін білетін немесе оның жоғалуына қатысты қандай да бір ақпаратқа ие адамдар болса «102» арнайы желісіне немесе 29-96-00 телефон нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия