Көкшетаудағы мектептің бас есепшісі өзіне заңсыз жолмен бес миллион теңге жалақы аударған.
№4 орта мектептің бухгалтері заңсыз жолмен өзіне 5,6 миллион теңге (11 500 доллар) жалақы аударды. Бұл туралы білім беру мекемесінt аудит жүргізу кезінде белгілі болды.
«Сарапшылар бюджетке қайтарылуы тиіс 5 миллион 605 мың теңге сомасындағы қаржылық бұзушылықтарды анықтады», – делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, бас бухгалтер жалақыны есептеу кезінде үлкен жұмыс өтілі үшін қолданылатын жоғары коэффициентті негізсіз қолданған. Жүргізілген аудит материалдары Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне берілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Бюджетке 499 мың теңге (1 100 доллар) сомасы өтелді.
Stan.kz