jasqazaq.kz

Көкшетауда колледжге «мина қойған» адам ұсталды

05 қантар 2019, 13:18

Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген адамды бір сағаттың ішінде анықтады. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, қоңырау 4 қаңтар күні сағат 19:40-та шалынды. «Оқиға орынына жедел түрде барлық күш құрылымдары, шұғыл және арнайы қызмет өкілдері жіберілді. Іздеу шаралары барысынды жарылғыш зат анықталған жоқ», — деп баяндады ведомстводан. Полиция қоңырау шалған адамның есімін бір сағатта анықтады. Ол Көкшетау қаласының бұрын сотталмаған тұрғыны болып шыққан. Қоңырау шалғанда ол мас болған. «Қазіргі кезде аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабы негізінде сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», — деп қосты баспасөз қызметі. Бұл Көкшетау қаласында бес күн ішінде жарылғыш зат туралы жасалған екінші хабарлама. Бірінші рет қоңырау 30 желтоқсан күні сағат 09:25-те соғылған. Онда белгісіз біреу облыс орталығының вокзалына мина қойылғаны туралы хабарлаған. Кейін оның Көкшетау қаласының 40 жастағы тұрғыны екені анықталды.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде