jasqazaq.kz

Көкшетауда қарақшылар «Қазпошта» бөлімшесін тонап кетті

03 қазан 2017, 22:59

Көкшетауда қарақшылар «Қазпошта» АҚ бөлімшесін тонап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін таңертең сағат 11:00-дерде Көкшетау қаласының іргесіндегі Застанционный кентінде «Қазпошта» АҚ бөлімшесі тоналды, деп мәлім етті Ақмола облыстық ІІД баспасөз хатшысы Əсем Əбдрахманова. -Алдын ала мəлімет бойынша тонаушылар екеу болған. Ешкім зардап шеккен жоқ». ІІД дерегі бойынша тонаушылар пошта ғимаратына медициналық маска киіп, баса көктеп кірген. Қолдарында ұстаған тапаншаға ұқсас қарумен қызметкерлерді қорқытып, кассадан 1 миллион теңгені үптеп кеткен. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімі бойынша (қарақшылық) қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерлер іздестірілуде. Оған қоса əлеуметтік желілерде аталмыш пошта бөлімшесінің тоналғаны туралы видео тарауда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде