jasqazaq.kz

Көкшетауда кафе иесі қонағын ұрып өлтірді

28 ақпан 2020, 16:16

Көкшетауда дәмхана иесі клиентін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қылмыс 25 ақпанда Көкшетау қаласының ойын-сауық орындарының бірінде жасалған. Жедел жәрдем станциясының фельдшері полицияға 1987 жылы туған ер адам үйінде қайтыс болғанын хабарлаған. Ер адамның денесінде, мұрын тұсында гематомалар болған және оң қасы жыртылып кеткен. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері дене жарақаттарын жергілікті кафелердің бірінде мекеме иесі келтіргенін анықтады», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомство ақпаратына сәйкес, аталған дерек бойынша ҚР ҚК 106-бабы, 3-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. «Сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау шараларын қабылдады», – делінген хабарламада.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия