jasqazaq.kz

Көкшетауда ірі сауда үйінің күзетшісі есірткі сатқан

02 желтоқсан 2017, 22:49

Көкшетауда есірткі сатумен айналысқан сауда үйінің күзетшісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, полицейлер күдіктіні «Транзит» жедел алдын алу шарасы барысында ұстаған. 40 жастағы ер адамның Көкшетаудағы ірі сауда үйіндегі жұмыс бөлмесінде салмағы 138,77 грамм «марихуана» сатқаны анықталды.

Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 297 бабының 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.

Еске сала кетейік, облыс аумағында жүргізілген «Транзит» жедел алдын алу шарасына 10 жедел іздестіру тобы құрылып, 250 полиция қызметкері жұмылдырылды. Нəтижесінде 4 күннің ішінде 11 есірткі сақтау жəне 5 есірткі сату оқиғасы анықталды. Жалпы, жыл басынан бері облыс полицейлері жүргізген жедел алдын алу шарасы барысында барлығы 768 келі, оның ішінде 138 келі 770 грамм «марихуана» тəркіленді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды