jasqazaq.kz

Көкшетауда ер адам танысының атына онлайн-несие рәсімдеген

23 қазан 2018, 22:01

Көкшетауда танысының атына заңсыз онлайн- несие рәсімдеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің дерегінше, 9 қазан күні Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Арызданушының сөзінше, сәуір айында оның атынан белгісіз біреулер 15 мың теңге көлемінде онлайн- несие рәсімдеген. Зардап шегуші өзінің атына рәсімделген несиенің барын білгенде негізгі қарызынан бөлек, өсімпұл да жиналып қалғанын анықтайды. Қазіргі кезде зардап шегушінің шағын несие беретін ұйымға қарызы 200 мың теңгеден асып кеткен. Жүргізілген шаралар барысында несиені зардап шегушінің танысы рәсімдегені анықталды. Бұған дейін зардап шегуші қыз интернет арқылы несие алып, оны пайыздық өсімімен жауып тастаған. Осыдан хабары бар таныс ер адам оның жеке мәліметтерін пайдаланып, несие рәсімдеген. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша («Алаяқтық») іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. «Қазіргі кезде полицияда алаяқтық қылмыстар жиі тіркелуде. Әсіресе, интернет және әлеуметтік желі арқылы жасалатын алаяқтық қылмысы өршіп тұр», — дейді полиция қызметкерлері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде