jasqazaq.kz

Көкшетауда екі тұрғыннан аса ірі мөлшерде «гашиш» тәркіленді (Видео)

06 қыркүйек 2021, 18:02

Көкшетауда екі тұрғыннан аса ірі мөлшерде «гашиш» табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткімен күресуші полицейлердің назарына жедел ақпарат бойынша аса ірі мөлшерде «гашиш» есірткі затының заңсыз айналымына қатысқан облыс орталығының 44 және 45 жастағы тұрғындары түсті.

Көкшетау қаласының 44 жастағы тұрғыны 10 грамнан астам гашишты заңсыз сатқаны үшін ұсталды, сондай-ақ оның жанында ұқсас заты бар түйіншек табылды.

45 жастағы тұрғыннан ол жалға алған гараждан жалпы салмағы 594 грамм «гашиш» есірткі заты бар 100-ден астам полиэтилен түйіншек табылып, тәркіленді.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды, баптардың санкциясы жеті және 10 жылға дейін жазаны көздейді», – деп атап өтті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия