jasqazaq.kz

Көкшетауда бойжеткенді зорлаған күдікті ұсталды

06 тамыз 2019, 12:39

Көкшетауда Ұлттық ұлан сарбаздары бойжеткенді зорлаған күдіктіні ұстады.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ағымдағы жылдың 3 тамызында сағат 22:00 шамасында жедел басқару орталығына Назарбаев даңғылында белгісіз ер адамның бойжеткенді зорлағаны туралы ақпарат түскен. «Оқиға орнына әскери жасақтың лейтенанты Жандос Әлжанов, патрульдеу жүргізетін қатардағы сарбаздар Руслан Оразхан, Нұржан Тасболат, Минетай Кабез жетіп, алдын ала берілген бағыттама бойынша күдіктіні іздестіру шараларын қолға алады. Жедел іздестіру шарасы кезінде әскери жасақ пен полиция қызметкерлері күдіктіні көпке ұзатпай ұстады. Ол Көкшетау қаласының 1979 жылғы тұрғыны болып шықты. Күдікті қылмысын мойындағаны туралы түсініктеме берді. Қырағылық пен жеделдіктің арқасында күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», — деді ведомствоның баспасөз қызметінен. Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Қазіргі кезде осы оқиға байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», — деді ПД-дан.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда