jasqazaq.kz

Көкшетауда би. Карантиндегі дискотека (видео)

11 мамыр 2020, 21:29

Шектеу кезінде шектен шықты. 200-ден аса көкшетаулық карантинді ұмытып, аулада дискотека ұйымдастырып, жанын салып билеген. Жеңіс күнін осылай атап өтіпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Төтенше жағдай кезінде мұнша жұрттың бала-шағасымен аулада топтасып билегеніне «әй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа болмапты. Кешқұрым басталған би кеші даңғырлаған музыкасымен түннің бір уақытында бір-ақ тоқтаған. Екі айға жуық карантиндік шектеулермен үйінде отырған жұрт: «Бір серпіліп қалдық» — дейді. Дискотеканы түн ішінде еліміздің әнұранымен аяқтаған. Полиция би кешін ұйымдастырушыларды іздеп тапты. Көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлағысы келген адам аталмыш көпқабатты үйдің тұрғыны болып шықты.

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі:

— Осы үйдің тұрғыны, әйел адам пәтерінің терезесінен музыкалық құрылғысын бар дауысын қосып, тұрғындарды биге шақырған. Оған қазір тыныштықты бұзып және төтенше жағдай талабын орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Құжаттар сотқа әзірленіп жатыр.

 

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды