jasqazaq.kz

Көкшетауда әкімдер мердігерге ақшаны заңсыз аударған

17 ақпан 2022, 16:07

Ақмола облысында бірнеше ауыл әкімі мердігерлерге атқарылмаған іс үшін ақша төлеген, деп хабарлайды «Хабар 24». Жақсы ауданына қарасты үш округ әкімінің ісі бүгін облыстық тәртіптік кеңесте қаралды.

Олар жол жөндеуді мойнына алған фирмаларға қаржыны заңсыз аударған. Мәселен, Запорожье елдімекенінің әкімі мердігерге алдын ала 74 млн теңге берген. Ал бұл – жобаның жарты сомасы. Құрылыс компаниясы болса, ақшаны алып тайып тұрған. Сөйтіп басталған жұмыс аяқсыз қалыпты. Басқаларында да осыған ұқсас жағдай. Ал, ауыл әкімдері, мұндай қадамға еріксіз бардық, – дейді. Айтуларынша, мердігерлерге алданып қалған. Әрі аудандық әкімдіктен де «қаржыны игеріңдер» — деген пәрмен болыпты.

Кейбірі тіпті осындай қысым көрсеткен аудан әкімінің орынбасары мен бөлім басшысын да атады. Осының бәрін ескерген тәртіптік кеңес мүшелері кінәлілердің барлығына «қызметіне толық сай емес» деген жаза қолданды. Егер олар жарты жыл ішінде тағы осындай заңбұзушылықтарға жол берсе, жұмыстан қуылады. Ал ауданның прокуроры бұл жаза былтыр берілуі тиіс еді, деп отыр.

Ербол Торсықбаев, Жақсы ауданының прокуроры:

– Біз аталған ауыл әкімдерін және осы іске тікелей жауапты Жақсы ауданы әкімінің орынбасары мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісін жазаға тарту жайлы ұсынысты өткен күзде ауданның әкіміне жіберген болатынбыз. Алайда аудан әкімі шешімді өз бетінше қабылдап, олардың ісін облыстық тәртіптік кеңеске жібермепті. Сондықтан бұл мәселені біз қайта көтердік. Бірақ осы уақыт аралығында жоғарыда аталған орынбасар мен бөлім басшысы өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

24.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық