
26 наурыз күні Ақмола облыстық ауруханасына пышақ жарақатымен 1962 жылы туған ер адам жеткізілді.
Сағат 18:00-де ер адам 1965 жылғы әйелімен спирттік ішімдік ішкен. Араларында жанжал шығып, келіншегі күйеуінің кеудесіне ас үй пышағын сұғып алған. Марқұм ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Ерлі-зайыптылардың 1987 жылы отбасын құрғаны белгілі болды. Олардың ортақ некелерінен 1986 жылғы қыздары бар екен.
Дереккөз: sn.kz