jasqazaq.kz

Көкшетауда 81 жастағы әкесін ұлы аяусыз сабаған

20 сәуiр 2021, 17:58

Көкшетауда 49 жастағы тұрғын 81 жастағы әкесін аяусы ұрып тастаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 сәуірде түскі уақытта Көкшетау қаласында әкесі мен баласы арасында жанжал болған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы жанжал кезінде бұрын сотталған 49 жастағы ұлы әдей 81 жастағы әкесіне дене жарақатын салғанын анықтады.

«Қазіргі уақытта «денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы келу міндеттемесі түрінде таңдалды», — деп түсіндірді ведомствода.

Статистика бойынша, 2021 жылдың басынан бері Ақмола облысында 73 ақмолалық өз жақындарын ұрып-соғып, сол үшін де жауапкершілікке тартылды.

«Отбасындағы қарт адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жас бойынша кемсітудің көрінісі болып табылады. Күнделікті өмірде жасқа байланысты дискриминация кәрілікті қорлау арқылы көрінеді-физикалық немесе психологиялық, жаман қарым — қатынас немесе қарт адамдарға, олардың қамқоршыларына, бейтаныс адамдарға деген құрметтемеушілік», — деп толықтырды полиция.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия