jasqazaq.kz

Көкшетау тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

02 қыркүйек 2021, 17:26

Көкшетау тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды.

Күдіктілер ер адамның пышақпен қорқытып, ұялы телефонын тартып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылы тамыздың 27-де Көкшетау қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Ер адам Вернадский көшесінің бойындағы дүкендердің бірінің маңында белгісіз адамдар пышақпен қорқытып, одан «Lenovo» маркалы ұялы телефонын тартып алғанын айтты. Материалдық шығын сомасы 60 000 теңгені құрады.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері тұрғын үй аулаларын аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді, жәбірленушіден жауап алды. Нәтижесінде бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктілер мінген көлік пен оның жүру бағыты анықталды», — деді ведомстводан.

Жедел-тергеу шарасы барысында 31-48 жас аралығындағы үш күдікті анықталып ұсталды. Күдіктілердің екеуі бұрын Қылмыстық кодекстің 297, 296 және 191 баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылған.

«Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 192 бабының 2-ші бөлігі «қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», — деді толықтырды ведомстводан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде