jasqazaq.kz

Көкшетау тұрғыны орман ішінен граната тауып алды

10 тамыз 2018, 14:29

ІІД баспасөз қызметінің дерегінше, 9 тамыз күні Көкшетау қалалық ІІБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, Қарасай бағытындағы жолға жақын маңдағы орманның ішінен гранатаға ұқсас металл затты тауып алғанын айтқан.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы атанды. Ер адамның сөзінше, ол ара-тұра өзінің «Фишер Ф2» маркалы металл іздеу құрылғысымен металл заттарды іздеп тұратын көрінеді. Тамыздың 9-ы күні Көкшетау қаласының маңында шағын орман ішінде ол өзінің металл іздейтін арнайы қондырғысымен полиэтилен қапшыққа салынған гранатаға ұқсас затты тауып алған. «Оқиға орнына жеткен Ақмола облысының ІІД жедел тергеу тобы мен жарылғыш заттарды залалсыздандыратын техниктер алдын ала болжам бойынша табылған заттың граната екенін анықтап отыр. Граната сынықтары сараптамаға жіберілді. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Қазіргі кезде ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша сот алды тергеу амалдары жүргізілуде», — деп түсіндірді ведомстводан.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық