jasqazaq.kz

Көкшетау тұрғыны намаз оқып жатқанда, көршісі ұрлыққа түсті

20 қазан 2021, 17:42

Көкшетауда 64 жастағы зейнеткер намаз оқып жатқан сәтінде ұрлықтың құрбаны болды. Үй иесінің туысы абайсызда үйдің есігін ашық қалдырған. Соны пайдаланған ұрлықшы кіреберісте тұрған сөмкесінен әмиянын ұрлап кеткен. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап Stan.kz.

«Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Ол өтініш берушінің 61 жастағы көршісі болып шықты. Ұрлық болған күні жәбірленушінің туыстарының бірі абайсыздан кіреберіс есікті ашық қалдырған, сол кезде зейнеткердің өзі намаз оқып жатқан.
Қаскүнем ашық есікті байқап, біреудің пәтеріне кіріп, кіреберістегі сөмкесінен ұрлық жасады. Тексеру барысында күдіктіден ұрланған әмиян мен жәбірленушіге тиесілі банк карталары тәркіленді», – деп хабарланды полициядан.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 187-бабы («Ұсақ ұрлық») бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді қозғау туралы мәселе қарастырылуда.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр