jasqazaq.kz

Көкшетау-Қызылорда пойызының жолаушысы жол үстінде босанды

15 ақпан 2021, 16:01

2021 жылдың 9 ақпанында Шу станциясындағы Желілік полиция бөліміне «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының Мотабар Ибрагимова есімді жолаушысының медициналық көмекке мұқтаж екендігі туралы хабарлама келіп түскен.

М.Ибрагимова Қарағанды қаласынан өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша Шымкент қаласына келе жатқан. Жол жүру кезінде жүктілігіне байланысты өзін жайсыз сезініп, медициналық көмек сұратады. Көмек сұраған азаматша өзінің жүктілік мерзімінің толыққандығын ескерткен.

Аталған хабар бойынша Шығанақ станциясының патрульдік полицейі Б. Джолтаев азаматшаға көмек қолын созу үшін оқиға орнына жетеді. Көмекке асыққан полицей азаматшаны пойыздан түсіріп алып, жедел-жәрдем қызметімен Мойынқұм аудандық перзентханасына жеткізеді.

Жедел әрекет нәтижесінде аяғы ауыр азаматша аталған перзентханада нәрестесін аман-есен дүниеге алып келді.

Перзентханадан шыққан соң М.Ибрагимованы алып кетуге келген жолдасы көлік полицейлеріне арнайы келіп, ерекше алғысын білдірген.

Мұндай көмекті полицейлердің көрсетуі — азаматтылық болды. Әйелімді жол үстінде, басқа мекенде босанады деп ойламадым. Жанымда екі қызым болған. Олармен бұл станцияда қалу мүмкін болмады. Мен қыздарымды алып Шымкентке қарай кеттім. Жүкті әйелімді полицейлерге сеніп тапсырдым. Шүкір. Қазір тағы бір қыздың әкесі атандым. Қызымды аман-есен қолыма алуға көмек еткен көлік полицейіне алғысым шексіз, — дейді жолдасы.

М. Ибрагимованың жолдасы әйелін перзентханадан шығарып алған соң, алғыс айту үшін Шығанақ станциясындағы Желілік полиция бөлімшесіне арнайы келген. Өз кезегінде көмек еткен полицейлер, анасы мен әкесін жаңа туған сәбилерімен құттықтап, темір жол вокзалынан Шымкентке қарай шығарып салды.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде