jasqazaq.kz

Көкпардың халықаралық ережесі бекітілді

14 ақпан 2019, 17:34

Астанада әлемнің 10 елінің Ұлттық спорт федерация басшыларының қатысуымен Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесінде көкпардың халықаралық ережесі бекітілді.

Көкпардың халықаралық ережесі жайлы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР «Көкпар» федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков айтып берді.

«Бүгін көкпардың халықаралық ережесі бекітілді. Басқа елден келген ұлттық федерациялардың бәрімен көкпардың ережесін талқылап, мақұлдап, бәрі де бір ауыздан қолдап отыр. Құжатқа қол қойылды», — деді Мұхтархан Ділдәбеков. «Көкпар» федерациясының президенті сондай-ақ, көкпар ережелері туралы толығырақ айтып берді. «Өзіңіз білетіндей, 15-20 жылдан бері қазандықпен көкпар ойнап жүрген болатынбыз. Жаңа ереже бойынша қазандық алынып тасталды, оның орнына шеңбер қойылады. Сонымен бірге, көкпаршылар тірі серкемен ойнап шауып жүрген. Халықаралық жан-жануарлар әлемін қорғау ұйымдарының қағидаларына қайшы келмес үшін муляжбен ойнайтын боламыз. Көкпар ойнайтын алаңның ұзындығы — 200-220 метр, ені 65-70 метр болып бекітіліп отыр. Көкпарды жасөспірімдер, жастар және ересектер ойнайды. Сол себепті, жас санатына қарай алаңның да ұзындығы әртүрлі болады», — деді ол. Мұхтархан Ділдәбековтың айтуына қарағанда, көкпарды ойнау уақыты бұрынғыша 20 минуттан екі тайм күйінде қалады.

Көкпардың халықаралық ережесіне хаттама негізінде жоғарыда аталған 10 елдің ұлттық федерация басшылары қол қойды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде