jasqazaq.kz

Көкпарда оқ атты

15 ақпан 2021, 12:45

Түркістан облысында көкпар кезінде қарумен оқ атқандар ұсталды. Қазығұрт ауданында көкпарды тоқтату кезінде учаскелік инспекторлар белгісіз адамдардың оқ атқанын байқап, кезекші бөлімге хабарлаған. Аталған жайтты Қазығұрт АПБ-ның полицейлері ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі «бұзақылық» бойынша СДТБТ-ға тіркеп, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап jasqazaq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жедел жүргізілген арнайы операция нәтижесінде Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы ҰҚКД және ҚР Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы жасағымен бірлесіп, Қазығұрт кенті көшелерінің бірінде «ВАЗ» маркалы автокөлікті тоқтатып, 4 күдіктіні ұстады. Ұсталған Қазығұрт ауданының 4 жас тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.

Күдіктілерді тінту кезінде полицейлер сөмкені тауып алып, одан заттай дәлел ретінде 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі. Жедел уәкілдер күдіктілердің үйін одан әрі тінту кезінде қосымша 16 калибрлі аңшылық мылтық пен екі травматикалық тапаншаны тапты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бап «Бұзақылық» және 287-бап «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жастар қамауға алынды. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп, қарудың қайдан алынғанын анықтауда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз қару-жарақты қолданғаны және бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Егер сіз осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, дереу полицияға 102 нөміріне хабарласыңыз.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты