jasqazaq.kz

Көкөзек су қоймасында балық неден қырылды?

03 наурыз 2020, 21:04

Алматы іргесіндегі Көкөзек су қоймасында балық қырылып жатыр. Шағын көлшіктің жағалауы кешелі бері өлі балыққа толып кеткен. Алайда су жәндіктерінің неден қырылғанын әзірге ешкім айта алмай отыр. Су тартылып, тізеден әзер асатын тоғанда балықтарға «ауа жетіспей қалды» деген болжам бар. Ал экологтар судан сынама алып зерттеуге кірісіп кетті. Өлексе қаптаған көлге тілшіміз барып келді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Алматы маңындағы Көкөзек су қоймасы кешелі бері өлексе сасып кетті. Өйткені шағын көлшіктегі балық белгісіз себептен қырылып, жағалауға жиналып қалған. Алғашында әр жерден бір табылған өлекселерді тұрғындар байқапты. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген олар көлшіктегі су деңгейінің күрт түсіп кеткенін айтады. Өйткені оған құятын Қарғалы өзенінің арнасы бітеліп қалған. Сондықтан саяз суда еркін жүзе алмаған балықтар тұншығып өлді деген болжам айтуда.

Сергей Алексеев:

— Бұл көл бұрын мемлекет қарауында болды. Қазір жеке кәсіпкерлерге жалға берілген. Олар бітелген құбырды тазалауға ақша жұмсағысы келмейді. Өткенде сел жүріп, су арнасы жабылып қалды. Содан бері бұл көлге ешқандай ағын су келіп жатқан жоқ. Деңгейі түсіп кетті.

Шағын көл былтыр «Алтынкөл демалыс аймағы» деген серіктестікке сенімгерлік басқаруға берілген екен. Алайда бұл компанияның басшылары төбе көрсетпеді. Есесіне, таң атқалы балық қырылған аумақта төтенше жағдай мен әкімдік қызметкерлері жүр. Олар су бетінде самсап жатқан балықтарды жағалауға шығарып, санитарлық тазалық жүргіземіз дейді.

Қанат Айманов, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары:

— Кешке дейін балықтар шығарылады. Тиісті жерге алып кетеді. Экологияға ешқандай қауіп төнбейді. Балықтың өлу себептері анықталуда. Оны тиісті құзіретті органдар анықтайды.

Қазір көлдегі су деңгейі бір метрге де жетпейді. Сондықтан бұл көлшікте мүлде балық қалмады деуге әбден негіз бар. Ал өлген балықтардың біразы су түбіне шөгіп қалған. Жағалауға жиналып қалған өлі балықтарды қолмен тазалап жатыр. Алайда шағын су қоймасында қанша балық қырылғаны әзірге белгісіз. Оны алдағы уақытта балық шаруашылығы қызметкерлері есептейді. Ал экологияға жауапты мамандар судың сынамасын зертханаға жіберген.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия