jasqazaq.kz

Көкөніс пен жеміс-жидек қымбаттады

11 маусым 2019, 22:47

Министрлер елдегі инфляция деңгейі тұрақты деп есеп берсе де ең ірі екі қала мен екі облыста ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы шарықтап барады екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Руслан Дәленов, Ұлттық экономика министрі:

— Жалпы осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің оң серпіні сақталды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4 пайызды құрады. Жылдық мәндегі инфляция деңгейі – 5,3 пайызды құрады. Бұл 4-6 пайыз инфляция дәлізінің шегінде.

Инфляцияға ел аумағы бойынша өткен мамыр айында 0,6 пайызға өсіп, биылдыққа 5,3 пайызға жетті. Бірақ белгіленген межеден асып кетпесе де жекелеген өңірлерде баға өсімі қатты байқалып отыр. Әсіресе, ел астанасы Нұр-Сұлтан мен бақша өнімдеріне бірінші болып қарық болатын Шымкент қалаларын қымбатшылық бар. Батыс өңірлерде Атырау, Маңғыстау облыстарында да көкөніс пен жеміс құны шарықтай бастаған. Қыстың қақ ортасы емес, жаз басталғанда жағдай неге ушыққанын үкіметтегілер түсінбей дал.

Асқар Мәмин, Премьер-министр:

— Бұл негізінен агроөнеркәсіп тауарлары бағаларының өсуінен болып отыр. Қазір жеміс-жидектер мен көкөністердің көп уақыты. Сондықтан бағалар арзандауы керек. Әкімдер әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау бойынша нақты шаралар қабылдасын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде