
Қазақстанның Қырғызстан мен Түрікменстандағы елшілері қызметтерінен босатылды. Бұл туралы Ақорда сайтында хабарланды.
«Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Кәрім Насбекұлы Көкірекбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен; Жандос Әнуарұлы Асанов Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды»,- делінген хабарламада.