
Ақсу қаласында қоқыстан жаңа туылған нәрестенің мәйіті табылды. Оқиға 21 қазанда болған.
pavon.kz сайтының мәліметі бойынша, нәрестенің анасын табу үшін жедел-іздестіру қызметінің із кесуші иті жұмылдырылған. Ит полицияны ауылдағы үйіне алып барыпты.
Денсаулық сақтау басқармасындағылардың айтуынша, нәрестені музыка колледжіннің екінші курс студенті туып тастап кеткен. Жүктілік туралы тіркеуге тұрмаған. Ол Ақсу қаласындағы орталық ауруханасының гинекология бөліміне жатқызылды. Студентке медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Бұл іспен полиция айналысып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.