jasqazaq.kz

«Көкек ана» аналық құқығынан айырылды

04 желтоқсан 2018, 17:22

Алматы облысы Көксу ауданында тұратын 51 жастағы азамат алты жылдан бері бес баласын жалғыз өзі асырап келеді.

NUR.KZ   жазғандай, ал кәмелетке толмаған бүлдіршіндерін тастап кеткен көкек ана осы уақытқа дейін алимент төлеуден қашып жүрген көрінеді. Бүгінде оның берешегі төрт млн теңгеге жақындаған.
Бақтияр Жүніс төрт қызы мен жалғыз ұлын тастап кеткен жұбайы туралы ештеңе айтқысы келмейді. Ол бүгінде жұмыс істеп, ақша табудан бөлек, балаларының тәрбиесі мен оқу үлгеріміне де жауап береді.
«Айтатындай ештеңе жоқ. Еш себепсіз кетіп қалды. Тауым шағылды, сағым сынды деп тағдырыма өкпе айтқан емеспін. Ер болған соң, еңсемді тіктеп, басқа түскен қиындықпен күресіп келемін»,- дейді жалғызбасты әке.
Отағасы әйелін оралар деген үмітпен біраз уақыт күткен екен. Алайда қазір ол үмітінің сейіліп, сенімінің жоғалғанын айтады.
Сотқа түскен шағымнан кейін «көкек ана» аналық құқығынан айырылып, алимент төлеуге міндеттеліпті.
«Бүгінгі таңда борышкердің қарызы 3 миллион 635 мыңнан астып тұр. Алайда борышкер бүгінгі таңда табылмай жатыр. Енді сотқа іздеу жариялауға келесі аптаға ұсыныс жасап жатырмыз» – дейді жеке сот орындаушы Ермек Тазабеков.
Алайда жалғызбасты әкенің бар мақсаты алимент өндіру емес. Бүгінде мал дәрігері болып қызмет атқаратын ол 70 мың теңге жалақы алады. Мемлекеттен берілетін 10 мың теңге жәрдемақысы да бар.
Дегенмен, бұл қаражаттың шиіттей бала-шағаға жетпейтіні түсінікті. Бірақ «қол-аяғым сау болса, ұл-қызымды асырап жеткіземін, бастысы, балаларым аман болса», — дейді  азамат.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді