jasqazaq.kz

Көк жәшіктен не көреміз?

07 қазан 2021, 11:50

Бәріне ортақ журналистика Jas qazaq газеті мен Chevron компаниясының бірлескен жобасы


    Жобаның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды журналистика жанрларын меңгеріп, сауатты жазуға бейімдеу. Қазір журналистикаға құмар жандар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз, дизайн, тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдап жатыр. Курстың белсенді қатысушысы Жанар Инағынбаеваның оқшау ойын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

    Қазақ телеарналары өзге елдің сериалдарын насихаттауға құмар-ақ делік. Әрі өзге елдің өнімі қазақ арналарында көрсетілмесін деген тыйым да жоқ.  Көзді ғана емес, көңілді де үркітіп біткен бүгінгі жаһандану заманында басты тәрбие құралы не? Әрине, телеарна. Қолымызда бар бүкіл тәрбие құралдарының тетігі оң бағытқа қызмет етпесе, ұтыларымыз хақ. Ұлт ұрпағының тәрбиесіне тікелей ықпал ететін телеарналардың ұлттық тәрбиеге кері әсерін тигізуі де көңілімізге селкеу түсіріп келеді. Кейде арналарымыз ұлттық құндылықтарымызды емес, өзге елдің мүддесін қозғап жүргендей әсер қалдырады.
Қазір екінің бірі ұлттың тарихын білмеуі мүмкін. Есесіне, Анандидің тағдырын жақсы біледі. Жақсы білетіні соншалық, Анандимен өмірі біте қабысып, бірге өмір сүріп келеді. Проблемасы жетерлік: күнделікті ас-суын айыра алмай отырса да, сериалға телміруге мәжбүр. Психологтар мұны дерт санайды. Яғни сериалдың ескірткіден айырмасы шамалы. Ол да сені еріксіз мәжбүрлейді. Өзіне басыбайлы етеді. Анандидің бір сериясын өткізіп алса, екінші күні ауырып қалатын апаларымыз көбейді. Ал әзірге шұбалаң сериалдар Қазақстан арналарын жаулап алды. Ұлттық қасиеттеріміз бен құндылықтарымыз қолжаулық бола бере ме? Мұның шешімі табылатын күн қашан туар екен?!.

Жанар Инағынбаева

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия