Көк-Жайлау аумағындағы тау беткейінде қураған ағаштар өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті 1720 метр биіктікте, Көк-Жайлау жолы маңындағы тау беткейінде қураған ағаш өртеніп жатқанын хабарлады.
«Жоғары дәрежеде Алматы Төтенше жағдайлар департаменті, Іле-Алатау МҰТП, «Қазавиалессохрана» АҚ күштері мен құралдары тартылды», — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиапас» тікұшағы жұмылдырылған.