jasqazaq.kz

Көк базар бір айға жабылды

18 маусым 2020, 17:34

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Көк базар қызметкерлері арасында коронавирустың тарауына байланысты қандай шара қолданылғанын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Жандарбек Бекшин алматылықтар өздері келіп жүгінетіндіктен және жаңа ошақтардың анықталуына байланысты өсім жоғары екенін айтады.

«Мысал ретінде, екі аптаға жабылған «Рахат» фабрикасын алсақ болады. Келесі бір мысал — соттың шешімен бір айға жабылған Көк базар. Санитарлық-эпидемиологиялық нұсқауды және талаптарды орындамағаны үшін 1 миллион 727 мың теңге көлемінде айыппұл салынды», — деп түсіндірді Бекшин.

Еске салайық, 13 маусымда Алматы қаласында коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Көк базар жабылған болатын.

«Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Көк базар аумағындағы «Компания Достар-Коммерц» базары қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының тіркелуіне байланысты тиісті шаралар мен эпидемиологиялық зерттеу жүргізу үшін Көк базардың қызметі тоқтатылғаны туралы хабарлайды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша жалпы 3217 адамнан COVID-19 анықталып, оның 2128-і аурудан айықты. Жалпы 15 адам қайтыс болды.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі