jasqazaq.kz

Көгілдір отынның 1 текше метрі 47 теңге болуы мүмкін

13 наурыз 2018, 14:35

Бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев «Сарыарқа» газ құбырымен келетін көгілдір отынның болжамды бағасын атады.
Қазақпарат хабарлағандай, «Бізде тиісінше техникалық-экономикалық негіздеме бар. Газдың бағасы шамамен 47 теңге болуы мүмкін. Біздің жағдайымызда табиғи газ арзан болмайды. Өйткені, өздеріңізде білесіздер, көмір Қазақстанда, жалпы әлемде ең арзан отын саналады. Бірақ қыс айларында көмір жағудың атмосфера ауасына қандай зиян келтіретін көріп жүрсіздер», — деп жауап берді Қанат Бозымбаев. Оның айтуынша, «Сарыарқа» газ құбырының құрылысымен қатар Қарағанды, Ақмола облыстарының және Астана қаласының әкімдігі жергілікті газ желілерін салу жұмыстарын жүргізуі тиіс. «Биылғы жылдың бірінші кезеңінде олар газ тарату желілерін салу мәселесін қарастырулары тиіс. Мәселен, елорданың бір шағын ауданына немесе су қайнататын қондырғыларға газ желілерін тарту жұмыстарын келесі жылдың соңына дейін аяқтаулары қажет», — деді ол. Министрдің айтуынша, «Сарыарқа» газ құбырын Көкшетау, Петропавлға қарай созу болашақтың еншісіне қалады. Жалпы магистралды газ құбырын Астанаға дейін тартуға 267 млрд теңге қаражат жұмсалады. Жобалық-сметалық құжаттамасы мамыр айының соңында дайын болады. Ал маусым айының басында мемлекеттік сараптама енгізіледі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде