jasqazaq.kz

Көбейтұз көлінде зиянды заттар анықталды

22 тамыз 2020, 13:11

Ақмола облысындағы Ерейментау ауданында орналасқан Көбейтұз көлінде химиялық заттардың жоғары шоғырлануы анықталды.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, «Қазгидромет» РМК мамандары Көбейтұз көліне жоспардан тыс шығып, көлдегі судың, түп шөгінділердің және жағалаудағы топырақтың сынамаларын алды. Көбейтұз көлі суының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілді. Түп шөгінділерде кадмий, марганец, мыс, күшәла, никель, қорғасын, хром мөлшері табылды. Жағалаудағы топырақта кадмий, мыс, мырыш, қорғасын, хром бар екендігі белгілі болды. Ал жер үсті суларының сынамаларында уытты, уыттылығы жоғары элементтер мен металдардың жоғары шоғырлануы — күшәла (20,7 мг/дм3), қорғасын (73,8 мг/дм3), кадмий (0,19 мг/дм3), мырыш (15,7 мг/дм3), хром (2,3 мг/дм3), мыс (1,4 мг/дм3), никель (0,4 мг/дм3), молибден (6,2 мг/дм3) анықталды.

«Макро-микроэлементтердің жер үсті суларына түсуінің ықтимал көзі — жер асты топырақтарынан шайылуы. Ерейментау ауданының жер қойнауы алтын, сүрме, тас көмір, боксит, гранит, әктас және басқа да қорларға бай. Судың, түп шөгінділердің, жағалаудағы топырақтың физика-химиялық көрсеткіштерінің нақты шоғырлануы бойынша нәтижелер ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне жіберілді. Көбейтұз көлінде уыттылығы жоғары химиялық заттардың жоғары шоғырлануының болуын ескере отырып, Көбейтұз су айдынының халық үшін қауіпсіздігін белгілеу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды тарта отырып, арнайы зерттеулер жүргізу қажет деп санаймыз», — делінген таратылған ақпаратта.

Stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде