jasqazaq.kz

Клиникалық зерттеудің нәтижелері

15 тамыз 2018, 14:52

Филип Моррис Интернешнл компаниясы (ФМИ) IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесіне (әрі қарай – IQOS жүйесі) қатысты клиникалық зерттеудің нәтижелерін жариялады. Клиникалық зерттеу (Exposure Response Study — ERS) шеңберінде сигареттерді тартудан IQOS жүйесін пайдалануға ауысқан кәмелетке толған шылым шегушілердің биологиялық реакциясы алты ай бойы зерделенген болған. Зерттеудің нәтижелері оның негізгі мақсатын растады — алты ай өтісімен IQOS жүйесіне ауысқандардың ағза биологиялық реакциясының сегіз көрсеткіші жақсарды (негізгі клиникалық тәуекелдің ақырғы нүктелері).

Өзінің Ғылыми Бағалау Бағдарламасына сәйкес, ФМИ 7 жылдан аса IQOS жүйесінің жете зерттеулерін өткізуде, және олар осы өнімге ауысу және оны одан әрі пайдалану сигареттерді шегуге қарағанда азырақ зиян келтіруі ықтимал екендігін дәлелдейді. IQOS жүйесі аэрозолінің сансыз химиялық және физикалық өлшеулері аэрозольдің құрамында зиянды заттардың, орташа есеппен, 90-95%-ға азырақ екендігін көрсетті. Лабораториялық зерттеулердің нәтижелері бөлініп шығарылатын заттар деңгейінің төмендеуі уыттылықтың азырақ болуына, ал клиникалық зерттеулердің нәтижелері ағзаға тиетін әсердің төмендеуіне септігін тигізетінін көрсетеді. ERS ФМИ-дың зерттеу қызметіне жаңа маңызды аспектіні енгізеді. Компания нәтижелердің әсерлерін IQOS жүйесіне ауысқан адамдардың биологиялық реакцияларын сигареттерді шегуді жалғастырып жатқандармен салыстырғанда өлшеу арқылы зерделеуді бастайды.

«Осы зерттеулердің нәтижелері өте үміттендіреді. Біз IQOS жүйесіне қатысты мынадай зерттеу — IQOS жүйесін таңдаған адамдарға арналған түтінсіз өнімдердің төмендетілген қауіп-қатер әлеуетін тікелей бағалайтын — алғашқы клиникалық зерттеу екендігіне сенеміз. Соңғы нәтижелерді қоса алғанда, біздің байқағанымыздың барлығы қауіп-қатердің төмендеуін көрсетеді», — деді Фрэнк Люэдик, ФМИ медициналық бөлімшесінің басшысы. «Ғылыми қоғамдастықтан пікірлерді алу мақсатында біз өз зерттеуіміздің нәтижелерімен әр түрлі ғылыми конференцияларда бөлісеміз».

ФМИ берілген өтінімін толықтыру үшін 8 маусымда осы зерттеудің нәтижелерін АҚШ Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасына санитарлық қадағалау басқармасына (FDA) ұсынды. 2016 жылы желтоқсан айында ФМИ FDA-ға IQOS жүйесін қауіп-қатері түрлендірілген темекі өнімі ретінде тану үшін өтінім жолдағанын еске сала кетейік. Қазіргі таңда өтінім FDA-мен қаралу барысында, ақырғы шешім әлі қабылданған жоқ.

Зерттеу жайлы:

ERS — бұл бірнеше АҚШ медициналық орталығын қамтыған алты айлық клиникалық зерттеу. Оған 984 кәмелетке толған шылым шегуші қатысты, және олар кездейсоқ амалмен екі топқа бөлінген толатын: зерттеу кезеңіне 488-і дәстүрлі сигареттерді шегуді жалғастырса, 496-сы IQOS жүйесін пайдалануға ауысты. Зерттеу барысында шылым шегумен байланысты сырқаттарға қатыстылық қағидаты бойынша клиникалық қауіп-қатердің 8 бастапқы және бірқатар қосымша ақырғы нүкте бағаланған болатын. Ғылыми әдебиетке сәйкес, осы ақырғы нүктелер сигареттерден бас тартқаннан кейін 6 ай ішінде жақсаруы тиіс. Зерттеу өзінің негізгі мақсатын растады — IQOS жүйесін пайдалануға көшкен адамдар тобындағы негізгі клиникалық қауіп-қатердің барлық сегіз ақырғы нүктесінің динамикасы өзгеріп, темекі тартудан бас тартқан кездегідей көрсеткіштерге сәйкес келді, ал сегіз ақырғы нүктенің бесеуі темекіні шегуді жалғастырумен қарағанда статистикалық тұрғыдан елеулі айырмашылықты көрсетті.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық