jasqazaq.kz

Клиентке бағдарлану – Компанияның басты ұстанымы

09 тамыз 2022, 12:30

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның құрылғанына ширек ғасыр болды. Қазақтың сайын сахарасында шойын табанын төсеп, жолаушыларды жайлы орнына жайғастырып, діттеген жеріне жеткізетін, жүкті де тиеп алып жүйткитін пойыздардың ел игілігі үшін таптырмас қатынас құралы екені рас.

Қазақстан темір жолы ел экономикасының дәулетін арттыруда орасан үлес қосатын үлкен ұжымға, алып күшке айналды. Тасымалдау қызметінде айрықша орны бар ұлттық компания замана ағымына сай жаңарып, инфрақұрылымын да жабдықтап, заманауи технологиямен жарақтанып, тұтынушы талабы мен талғамына сай озық қызмет түрлерін ұсынып келеді.
Компанияның құрылу тарихына тоқталмас бұрын бір ғана жайтты атап өтсек дейміз. Жалпы Қазақстан теміржол саласындағы қажетті бөлшектер мен бұйымдарды шет елдерден алады. Соған қарамастан, ТМД елдері арасында теміржол саласындағы қызметі тарифін төмен ұстап отыр.
Осы жылдар бедерінде трансшекаралық байланыстарды нығайтып, жаңа теміржол магистралі салынды. Атап айтқанда 2,5 мың шақырымды құрайтын темір жолы төселді. Әлемдік логистика өрісіне дендеп енуге де зор мүмкіндік туды. Еліміздің ішінде ғана емес, сыртқы қатынастар нәтижесінде тасымал көлемі артты. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның орасан жетістіктерінің бірі деп былтырғы жылғы көрсеткішті атауға болады. Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет жоғары жүк айналымы көрсеткішіне, яғни 239 миллиард тонна-километрге қол жеткізді. Биылғы бірінші жарты жылдық көрсеткіші де көңіл өсіреді: алты ай шінде ҚТЖ-ның жүк айналымы 120 миллиард тонна-километрге жетіп отыр. Былтырғы жылмен салыстарғанда жүк тасымалдау 5 пайызға артқанын көрсетті.

Шекараралық байланыстардың жақсаруы нәтижесінде транзиттік тасымал ісі де қарқынды жүргізіліп келеді. Былтыр Қазақстан арқылы миллионнан аса контейнер өзге елге жеткізілді. Бұл да ел экономикасына едәуір табыс әкелгені сөзсіз. Қазақстан темір жолы саланы жаңғырту мақсатында машина жасауды қолға алып, өндірісті өркендетуде. Электровоз, тепловоздарды шығару, жолаушылар тасымалына қажетті вагон құрастырып жасау ісінде де алға жылжушылықтар бар. Қысқасы, зауыттар іске қосылып жұмыс жандануда.

Еліміздің бас қаласында заманауи талапқа толыққанды сай келетін «Нұрлы жол» теміржол кешені салынып, ел игілігіне берілгеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Тасымал, қатынас саласындағы логистиканың қара нарына айналған Қазақстан темір жолын трансформациялау ісін президент Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырма беріп, жеделдетуді жүктеген болатын. Компания басшылығы да осы сенім үдесінен шығу үшін барын салып еңбектенуде. Еліміздегі зауыт, фабрикалардың, шағын және орта бизнес өкілдерінің өндірген өнімін ел ішінде тасымалдауда және де таранзиттік тасымалды атқаруда Ұлттық компанияның арқалаған аманаты зор. Яғни, отандық кәсіпорындардың өнімін экспортқа шығарып жеткізу шаруасы да осы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ арқылы жүргізіледі.

Транзиттік тасымал бар, трансшекаралық байланыстарды нығайту мақсатында келешекте еліміздің теміржол саласы Иранның һәм Түрікменстанның теміржол саласымен де байланысты тереңдетіп, бағыттарды жаңғыртатын болады. Бұл экспортқа шығаратын тауарларымызды тасымалдауда орасан жеңілдік туатынын аңғартады. Миллиардтан астам халқы бар Қытаймен шектесетін еліміз үшін Ресейдің тауар тасымалын теміржол арқылы жеткізу де зор пайданың көзі саналып отыр. Орталық Азиядағы теміржол логистикасы қарқынды дамығандықтан да, Азия құрлығына қарай құрығын тастап, сауда-саттықты нығайтқысы келетін, экспорт көлемін арттыруды көздейтін Ресей өндірушілерінің өнімін діттеген нүктесіне жеткізу ісінде де Қазақстан темір жолының атқарар салмағы ауыр. Болашақта Қазақстанда жаңа теміржол шекара өткелін ашу ісі де қолға алынып отыр. Шекаралық өңірде теміржол өткелі ашылатын болса, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орнымен қамту ісі де қарқынды түрде жүзеге асады.

Еліміздің теміржол саласын Еуропа елдерімен салыстыруға әсте келмейді. Себебі бізде тасымалдың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 80 пайызға жуығы жүк жөнелтуге бағытталған. Ал Еуропа елдерінде керісінше, теміржол тасымалының 70 пайыздан астамы жолаушыларға арналған. Оның үстіне ол жақта теміржол тасымалына мемлекеттен ерекше көңіл бөлініп, үлкен қолдау көрсетіледі және үкіметтен дотация бөлінеді.

«Жол мұраты жету» десек, жолға шыққан жолаушының діттеген жеріне жайлы да ыңғайлы, жаңа үлгідегі орында барғаны керек. Қысқаша айтқанда комфорт керек. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2010 жылдан былтырға дейін, яғни, 11 жылдың ішінде 1100-ден астам вагонды жаңартса, оның 600 астамы «Тальго» санатындағы жоғары үлгідегі вагондар. Енді жеті жылдың ішінде, яғни 2029 жылға дейін Компания 500 астам жолаушылар вагонын сатып алмақ.

Теміржолшылардың әлеуметтік тұрмыстық мәселесін де оңтайлы шешудің тетігін тапқан Компания әрбір қызметкеріне түрлі жеңілдіктері бар әлеуметтік пакетті де ұсынып келеді. Теміржол өндірістік қызметкерлерінің жалақысы былтыр айтарлықтай өсті. Биыл мыңға жуық өндірістік қызметкердің айлық еңбекақысы бір реттік саралау өлшемі бойынша көбейіп отыр. Ұлттық тасымалдаушы жалақыны көтеру, әлеуметтік пакет ұсынуға соңғы бір жарым жылдың ішінде 136 миллиард теңге бөлген.

1997 жылы құрылған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ келешекте жүк тасымалын да жолаушыларға қызмет көрсету ісінде де ілгері басатын, еліміздің экономикалық әлеуетіне орасан үлес қосатын ынтымақты ұжым ретінде жұмысын жандандыра беретініне кәміл сенеміз. Еліміздегі іргелі ұжымды айтулы мерекелерімен құттықтаймыз!

Қуан Есімбай

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде