jasqazaq.kz

«Клиент қабылдап» жатқан 10 жезөкше ұсталды

07 тамыз 2020, 16:22

Талдықорған қаласында орналасқан қонақ үйлердің бірінің қызметін тексеру барысында тәртіп сақшылары аталған жерде жезөкшелер қызмет ететінін анықтады.Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап  zakon.kz хабарлады.

Тексеру кезінде ол жерде қомақты қаржыға тәнін саудалайтын 10 бойжеткен ұсталды. Олардың үшеуі көрші Өзбекстан мемлекетінің азаматшалары болып шықты. Жеңіл жүрісті қыздардың қызметін 29 жастағы жергілікті ару ұйымдастырып, жасырып келген.

  • «Көрші республикалардан келген заңсыз иммигранттарға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сот шешіміне сәйкес олар жақын арада елімізден депортацияланады. Өйткені олардың барлығы қолданыстағы көші-қон заңнамасын өрескел бұзып, Қазақстанда жүргені білгілі болды. Сонымен қатар, барлық ұсталған адамдар, оның ішінде қонақ үй кешенінің бірнеше қызметкері полицияның барлық есеп базалары бойынша тексеруден өтті. Себебі, көп жағдайда бұл санаттағы азаматтардың әртүрлі қылмыстарға қатысы болады», — деді Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Данияр.
  • Қыздар ақшалай сыйақы үшін интимдік қызметтер көрсеткендерін жоққа шығармады.
  • «Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұстау, сондай-ақ жеңгетайлық үшін осы мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды. Әйел пәтерді жеңіл жүрісті қыздарға жалға берген, олар әр клиенттен түскен пайданың белгілі бір бөлігін жеңгетайға тапсырып отырған. Сондай-ақ, қонақүй әкімшісі карантиндік шараларды өрескел бұзғаны үшін де жауапкершілікке тартылады», — деп атап өтті Асхат Данияр.

Күдікті клиенттен ақша алу үстінде ұсталды. Жеке тексеру барысында алынған барлық айғақзаттар жезөкшелікпен айналысу үшін притонды ұйымдастыру немесе ұстау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске тіркелді. Дерек бойынша тергеу басталды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия