
Депутат Геннадий Шиповских отандық режиссерлердің еңбегін сынады. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
Ол бұл туралы adebiportal.kz-дағы «Оқы және тұлға бол!» бағдарламасына берген сұқбатында айтқан.
Депутат отандық авторлардан Мұхтар Әуезовтің, Ілияс Есенберлиннің, Дулат Исабековтың, Әбіш Кекілбаевтың кітаптарын оқығанды қатты ұнатады екен.
«Біздің режиссерлердің түсіретіні — той-томалақ, құда-құдағи… Осыдан кетіп, Голливуд ізіне түсетін уақыт жетті деп ойлаймын біздерге. Мысалы, ғылыми-фантастикалық, детектив-триллер және тағы тағысын. Қазір осы жанрлар бізде сусап тұр. Сонда қоғамда бетбұрыс басталады», — деген депутат өз сұқбатында кітап пен адам болмысы жайынан кеңінен көсіліпті.