jasqazaq.kz

«KITAP FEST 2018» кітап фестивалі қалай өтті?

09 қыркүйек 2018, 11:13


  8 қыркүйек күні  Алматы қаласының мәдени іс-шарасы «Астана» алаңында  «KITAP FEST 2018» халықаралық кітап фестивалі өткізілді.

Ұйымдастырушылары — Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен BAURZHAN Foundation қоры.
Бұл жылы KITAP FEST 5-рет өткізіліп отыр. Жылдан-жылға ауқымы кеңейіп келе жатқан фестиваль отандық жазушылар мен оқырмандардың, блогерлердің, қоғам қайраткерлерінің басын қосып, қаламыздың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды.
Фестиваль қалай өтті?
Көпшіліктің назарына I BOOK YOU ұйымдастырған кітап алмасу түсті. Кітап алмасу арқылы олар өздерінің кітап тізімін жаңарта алды. Мұнда кітап жанрларының түр-түрі болды. Жалпы кітап алмасуға 5000-ға жуық кітап түсті.
Жазушылар шатыры. Күні бойы бұл шатырда отандық жазушылар өздерінің 2017-2018 жылдары жарық көрген кітаптарымен таныстырды. Олардың арасында Олег Червинский «Черная кровь Казахстана», Хәкім Бөлібеков «Кипчак с Антарктиды» , Jan Amany, Наталья Махно «Точка бифуркации» , Алмаз Шарман «Приоритеты» және т.б. болды.
Блогерлер шатыры. Фестивальда қатысушылар танымал қоғам қайраткерлерімен, журналистермен, блогерлермен танысу мүмкіндігіне ие болды. Ал олар өз кезегінде кітапқа қатысты көптеген қызық әңгіме қозғады.
Шақырылған қонақтардан Айсана Ашим, Марина Шарипова, Айна Досмахамбетқызы, Айдос Сарым, Диана Снегина және т.б. болды.
— Кітап жәрмеңкесі. Биыл Фестивальда 28 кітап дүкендері мен баспалар өз тауарларын көрмеге қойды.
Сондай-ақ «Аруна» баспа үйі балаларға әдейі арналған «Кітаптар қалай пайда болады» деген тақырыпқа ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырылды.
Осы жылы Кітаптар фестивалінда алғаш рет әдебиет саласында жазушыларға арналған Кitap Fest сыйлығы ұйымдастырылды. Жеңімпаз болып Баян Алагөзова жарияланды. Ол өзінің келесі кітабын «Меломан» арқылы тегін басып шығару мүмкіндігіне ие болды.
Әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен айналысатын BAURZHAN Foundation қорының KITAP FEST 2018 фестивалін ұйымдастыру арқылы алға қойған мақсаты – адамдар арасында кітап оқу мәдениетін дамытып, отандық жазушылар мен оқырмандардың басын қосу.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді