jasqazaq.kz

Кісі өлтірген күдікті 15 жыл бойы Ресейде жасырынып жүрген

08 маусым 2022, 11:36

Кісі өліміне күдікті 15 жыл бойы Ресейде жасырынып жүрген, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарлық жедел уәкілдер Ресей Федерациясы Алтай өлкесіндегі ІІМ өкілдерімен бірігіп, Барнаул қаласынан іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.

2007 жылғы ақпанда 40 жастағы күдікті Павлодар қаласы Есенәлиев көшесіндегі түнгі клубтардың бірінің маңында ер адамға оқ атқан. Жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ол қылмысы үшін жазаланатынын біліп, қашып кеткен.

Осы күнге дейін тәртіп сақшылары күдіктіні іздеуді тоқтатпаған.

«Қылмыскер өзінің деректерін өзгертіп алған, тегі, аты және әкесінің атын өзгерткен. Бірақ мұндай шаралар оған жазадан құтылып кетуге мүмкіндік бермеді. Қазір ұсталған азамат Барнаул қаласы Ресей ІІМД УҰИ-ға қамауға алынды, экстрадициялау туралы мәселе шешіліп жатыр», — деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде