jasqazaq.kz

Кісі өлтірді деген күдікпен ауруханада жатқан адам қашып кетті

24 қантар 2022, 14:48

Тергеу-қамауына алынған А. есімді күдікті Ақтөбе қаласының медициналық жедел жәрдем ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде емделуге жатқызылған. Алайда 23 қаңтарда таңертең тергеу-қамауына алынған күдікті ауруханадан қашып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазіргі уақытта арнайы топ құрылып, іздеу және тергеу-қамауына алынған адамды ұстау бойынша жедел шаралар қабылданды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі:

Аталған фактіні негізге ала отырып, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 426-бабы «Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қызметтік тексеріс жүріп жатыр.

Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр