jasqazaq.kz

Кішкентай шаһардың үлкен түйткілі

05 қараша 2021, 17:37

Кезінде ірі өндіріс ошақтарының қасынан салынған шағын қалалардың бүгінде күйі кетіп барады. Екі қолға бір күрек табудың қиындығы, шағын және орта кәсіпкерліктің жанданбауы, мардымсыз жалақы, инфрақұрылым жүйесінің әбден ескіруі тұрғындардың басқа өңірге қоныс аударуына себеп болуда.

1999 жылдан бері осындай қалалардағы тұрғындар саны 3 миллионнан 1,5 миллионға дейін азайып кетті. Бұл туралы Президент Қ.Тоқаев Екібастұз қаласына жасаған жұмыс бабындағы сапары кезінде айтты. Осынау келеңсіз үрдіс жалғаса беретін сияқты. Сол себепті, облыстың және сол өңірдің аумағындағы көші-қон процесін ынталандыру қажеттігі туындап отыр. Мемлекет басшысы мұның оңтайлы жолы ретінде даму деңгейі төмен болып табылатын шағын қаладан көшіп келген азаматтарға жеңілдетілген ипотекамен баспана беру керектігін мәлімдеді. Атап айтқанда, мұндай тұрғындар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын төлеуі мүмкін. Ал жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2-5 пайыз аралығында болуы тиіс. Үкімет пен әкімдіктер ендігі жерде осы бастаманы жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді.

Айдос Құсайынұлы

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр