jasqazaq.kz

Кішкентай бүлдіршін өгей шешесінің туған анасындай болуға ант бергенін естіп, жылап жіберді (видео)

25 шiлде 2017, 12:08

Американдық әйелдің шіркеуде неке қию рәсімі кезінде өгей ұлына арнап айтқан сөзі көпшіліктің есінде ұзаққа дейін ұмытылмайтыны анық. АҚШ-тың теңіз жаяу әскерінің сержанты Джошуа Ньювиль мен аға ұшқыш Эмили Лиэннің Нью Йорктегі шіркеулердің бірінде өткен неке қию рәсімі желіде де қызу талқыланды деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Екі жас бір-біріне адал болуға ант берген соң, жаңа түскен келін өзінің өгей ұлына арналған сөзін айтты. Төрт жастағы Гейдж жылап, өгей анасын құшақтап алды. Ал оның видеосы әп-сәтте Интернетте тарап кетті, деп жазады Daily Mail.

«Мен сенің әрқашан қауіпсіздікте болғаныңды, сенің жақсы адам болып өскеніңді қалаймын. Өзіңнің ерекше жаратылған бала екеніңді түсінесің деп үміттенемін. Сен өте ақылдысың, сымбаттысың, бәріне қайырымдысың», — дейді оған өгей шешесі.

Төрт жасар бала өгей шешесінің сөзіне елжіреп, жылап жіберді. Әкесі оны уатуға тырысқанмен, соңында өзі де көз жасына ерік берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде