
5-қараша күні Рудный қалалық соты жергілікті бизнесмен Кирилл Божкоға үкім шығарды.
21- қыркүйек күні украиндық блогерге тікелей эфирде сұхбат берген бизнесмен қазақтар туралы ғайбат сөздер айтқан болатын. Ол сұхбатта өзін ұлтшылмын деп көрсетеді. Видео жарияланған күннің ертесінде-ақ бизнесмен қазақтардан кешірім сұрап, видео үндеу жолдайды. Оның өкініп кешірім сұрауы оны қылмыстық жазадан құтқармады. Себебі оның әрекеті ұлтаралық наразылықты қоздырды. Сарапшылар Божконың сөздері заңға қайшы екенін дәлелдеді. tobolinfo.kz хабарлауынша, сот бизнесменді екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті.