jasqazaq.kz

«Кино нағыз қырт екен!». Журналист «Кеттік, бәрін таста» фильмін түкке алғысыз етті

07 қараша 2024, 15:20

Журналист Диас Нұрақын «Кеттік, бәрін таста» фильмін сынға алды. Ол өзінің Facebook парақшасында: «Күйбең тірлік бітпейді, кеттік бәрін таста деп келіншегімді ертіп киноға бардық бүгін.

Енді алтын уақытымды, билетке төлеген 5400 теңгемді ойлап ішім ашып отыр. Жарнамасы жер жарған «Кеттік, бәрін таста» деген кино нағыз қырт екен. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтан шедевр күтіп жүрген мен де жынды. Ерлан Біләл мен Шаншардағы Уәлибек көкем де кредиттерін төлей алмай қиналып жүрген сияқты. Әйтпесе, мән-мағынасы, езу тартар тұсы тіпті мазмұны жоқ мұндай киноға түспес еді. «Жәйшә жүрсіңдер ме, шәй ішесіңдер ме?» деген қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр. Бұл фильмнен рухани азық аламын, ішкі мәдениетімді көтерейін деп жүрген мен жоқ. Жәй әшейін жеңіл әзіл көріп, қазақы қалжың естіп, ми тынықтырайын дегем. Бірақ бәрін тастап, осы постты жазуға тура келіп тұр. Қысқасы, қырттардан қырт фильм туады, қырттың жолын қырт қуады екен. Ақшаңды аямасаң да өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар. “Базар жоқтың” деңгейінен әрі аспаған әртіссымақтардың фильмінен “Не шутите с Зоханом” деген кино әлдеқайда қызық», — деп жазды.

JQ-Aqparat
Сурет: kino.kz

Бүгін, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде