jasqazaq.kz

Кімдерге рақымшылық жасалады?

03 қараша 2021, 15:36

Қазақстанда 2236 сотталған адамды босату жоспарланып отыр. Мәжіліс отырысында заң жобасын ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Алдын ала есеп бойынша 2236 сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалады. Біріншіден, 1000-ға жуық адам бостандыққа шығады, сондай-ақ, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады. Екіншіден, жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту 1294 сотталған мен пробация қызметінде есепте тұрған адамға қолданылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі іс жүргізудегі 5000 қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1674-тен аса адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1471 адамға қатысты жаза мерзімін қысқарту немесе босату жөніндегі ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау қарастырылмаған», — деді Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам бар, оның ішінде 30 мың сотталған адамға қатысты сот үкімі шығарылды, 4000-ы қамауға алынып, тергеліп жатыр. Олардың 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаса, 45 пайызы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа, 32 мыңнан аса адам пробация қызметінің есебінде тұр.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын әзірледі. Заң жобасының мақсаты — ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандарды жазаны өтеуден босату, кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға қатысты қолданылады. Заң жобасы қоғам қайраткерлері мен ғылыми сарапшылардың қатысуымен талқыланды», — деп нақтылады министр.

30 жыл ішінде Қазақстанда сегіз рақымшылық жасалды, соңғы төртеуі Тәуелсіздік күніне орай жасалды.

2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық