jasqazaq.kz

Кімдерді ұрлап көмдік? (видео)

29 мамыр 2019, 11:17

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жылда бір-бірінен аумайтын ресми жиындар өтетін күн жақындап келеді. Сол азалы жылдары азаппен өлген зиялы қауым өкілдерінің қайда жерленгенін әлі нақтылай алмаған халықпыз.

Өткен отыз жылда рухымызды оятатын не істелді?!

Бүгін бір сұмдық жағдайдың куәсі болып қайттым. Былтыр Жаңалық ауылында бір отбасы мүшелері су құбырын кіргіземіз деп жүздеген адамның сүйегіне тап болады. Оны тиісті мекемелерге айтқанымен, бір айдан кейін келіп, адам мәйітінің қалдықтарын әрең дегенде алып кетеді. Табылған қаңқаларға бірнеше ай сараптама жүргізіліпті. Бірақ олардың кімге тиеселі екені беймәлім. Қазып алынғанда түрлі оқтар, киім- кешек, зиялылар таққан көзілдірік, тіпті былғары мәсі де бірге шыққан. Бас сүйектері тесілген.

Зерттей келе сүйектердің 168 адамдікі, оның ішінде 5-уі әйелдер екені анықталған.
Бірақ боздақтардың 1937-38 жылдары атылған қазақ зиялылары ма деген сұрақ жауапсыз қалды. Бүгін олардың сүйегі елеусіз жағдайда, ат төбеліндей адамдардың қатысыуымен қайтадан жерге берілді.

Ришат Асқарбекұлының facebook-тегі парақшасынан алынды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда