jasqazaq.kz

Киікті қорғаған инспекторларға оқ атылды

23 шiлде 2019, 15:27

Ақмола облысында киікті қорғаған екі инспекторға қарсы оқ атылды. Оның бірі ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алды», — деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет. Инспекторлардың бірі ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр. Қазіргі уақытта жаралы инспекторлар Державинск қаласының аудандық ауруханасына тасымалдануда. Онда санитарлық авиация шақырылған. «Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр, оларды ұстау жоспары жарияланды. Қосымша ақпарат тағы хабарланады», — деп жазды Сәкен Ділахмет.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде