jasqazaq.kz

Киіктерді көлігімен соғып өлтірген

08 тамыз 2019, 16:08

Киіктерді заңсыз аулаудың жиілеуіне байланысты Қостанай облысының полиция департаменті жедел әрекет ету топтарын құрды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарьдің сөзінше, мобильді топ құрамына енген тәжірибелі қызметкерлер жануарлардың қауіпсіздігіне жауап береді және оларға қастандық жасау фактілерінің алдын алады. Сондай деректердің бірі Науырзым ауданында болған. «ВАЗ-2121» көлігін мінген Қостанай қаласының тұрғыны «Қызыл кітапқа» енген екі киікті соғып өлтірген. Көлік ішінде тағы бір жолаушының болғаны анықталды. Олар бір жануардың терісін көліктің жүксалғышына тиеп, жасыруға тырысқан. Алайда, олар бөгде көліктерден қорқып, киік терісін лақтырып тастаған», – деді Ирина Беженарь. Күдіктілерді ұстау жоспары жасалып, оған жедел топ қызметкерлері жұмылдырылды. Екі сағат ішінде оқиға орнынан 3 0шақырым аумақта «ВАЗ-2121» көлігін мінгендер ұсталды. Олар 35 жастағы Қостанай қаласы мен Науырзым ауданының тұрғындары болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда